Әлем • Кеше

Келешекте бағдаршамда ақ түс пайда болуы мүмкін

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Каролина штатындағы университеттің зерттеу тобы 100 жылдан аса уақыт қолданыста болған бағдаршам схемасына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келешекте бағдаршамда ақ түс пайда болуы мүмкін

Фото: kolesa.kz

Осылайша, автономды басқару жүйесі бар машиналар (робомобиль) дамып, оларға қозғалысты реттеу құқығын беруге мүмкіндік туып отыр.

«Қызыл, сары және жасыл түстің жанына ақ түс қосылады. Бұл сигнал – қиылыстағы қозғалысты сол жерде жүрген автономды автомобиль реттейтінін білдіреді. Ал жүргізушілер осы көліктің соңынан еріп жүруге тиіс», деп жазды Carscoops.

Зерттеушілер әр машинадағы жасанды интеллект бір-бірімен лезде дерек алмасып, қозғалысты дәстүрлі бағдаршаммен салыстырғанда әлдеқайда тиімді реттей алатынын хабарлаған.

Алайда ақ түсті бағдаршам сигналы таяу уақытта пайда болмайды. Ол үшін автономды автомобиль саны қарапайым көліктермен теңесіп, жол инфрақұрылымы «ақылды» деңгейге жетуі қажет.